"Үкіметтің жоспарлағанындай, Қазақстан экономикасының өсімі ағымдағы жылдың 8 айында 105,2% құрады. Қазіргі жағдайда бұл оптималды өсім. Өйткені, біз басты мақсат етіп инфляцияны өзіміз белгілеген дәліз аясында тежеуді қойдық",- деді Кәрім Мәсімов.
"Ағымдағы жылдың тамыз айында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда инфляция деңгейі 7,5% болды. Бұл ТМД аясындағы ең төмен инфляция көрсеткіші", - деді үкімет басшысы.
"Агроөнеркәсіптік кешенде де өсім байқалуда. Ағымдағы жылдың 8 айында жалпы өнім мөлшері өткен жылғымен салыстярғанда 20,2% өст. Ауылшаруашылығы өнімдерінің және оларды өңдеу өнімдерінің экспорты 2 еседей өсті. Малшаруашылығының барлық өнім түрлерінің көлемі 4% өсті", -деді премьер.