Қазақстан экономистерінің қауымдастығы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін кейбір салық төлемдерінің ставкасын азайтуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономистерінің қауымдастығы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін кейбір салық төлемдерінің ставкасын азайтуды ұсынады

Қазақстан экономистерінің қауымдастығы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін кейбір салық төлемдерінің ставкасын азайтуды ұсынады

Қазақстан экономистерінің қауымдастығы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін кейбір салық төлемдерінің ставкасын азайтуды ұсынады. Бұл туралы бүгін, 9-сәуірде "Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясы : нақты ахуал және үміт" тақырыбы бойынша Астанада өткен дөңгелек үстелде Қазақстан экономистері қауымдастығының қамқоршылары кеңесінің төрағасы Арыстан Есентүгелов хабарлады.

  • 9 Сәуiр 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

А.Есентүгелов : «елімізде қазіргі салық ставкалары қайта қаралайын деп жатуына байланысты біз алдағы бес жылда ел экономикасына түсетін салық жүктемелерін азайтуды ұсынамыз»,- деп мәлімдеді.

Атап айтсақ, Қазақстан экономистерінің қауымдастығы корпоративтік салық ставкасын 22-24 процентке дейін, жеке тұлғалардан алынатын кіріс салығын 15-17 процентке дейін, әлеуметтік салықты 15-16 процентке дейін, Қосалқы құн салығын 14 процентке дейін азайтуды ұсынады. «Бұл шараны бюджет шығындарының орнын шикізат саласынан түсетін түсімдерді арттыру есебінен өтеп беру мүмкіндігіне сәйкес жүзеге асыру керек»,- деді А.Есентүгелов.
» 2005-жылдан бастап шикізат шығарушы компаниялардың пайдасынан Ұлттық қорға төлемдер аудару жұмысы доғарылуына байланысты» жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін салық түсімдері артады деп күтуге болады,- деді ол.
«Менің білуімше, ҚР Ұлттық қорындағы қаржы көлемі 4 млрд. долларлық межеден биыл асады. Соған сәйкес қор қаржысын ұлғайтуға бағытталған шығындарды бұдан былай бюджетке бағыттау арқылы еліміздегі салық ставкаларын төмендетуге болады»,- деді А.Есентүгелов.

Соңғы жаңалықтар