Қазақстан экспортқа шығарылатын өнімдер арасында қосалқы құны жоғары болатын тауарлар үлесін арттырмақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экспортқа шығарылатын өнімдер арасында  қосалқы құны жоғары болатын тауарлар үлесін арттырмақ ниетте

Қазақстан экспортқа шығарылатын өнімдер арасында қосалқы құны жоғары болатын тауарлар үлесін арттырмақ ниетте

Қазақстан экспортқа шығарылатын өнімдер арасында қосалқы құны жоғары болатын тауарлар үлесін арттырмақ ниетте. Бұл туралы бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков хабарлады.

  • 5 Ақпан 2004
  • 1394
Фото - Caravan.kz

«Экспортты сақтандыру жөніндегі компаниялардың ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, экспорттық өнімдер құрамындағы жоғары қосалқы құны бар тауарлар үлесін арттыру көзделіп отыр»,- деді ол. Ә.Жақсыбековтың айтуынша, «былтыр экспорт көлемі анағұрлым өсіп, 31 процентке жеткеніне қарамастан, жоғары қосалқы құны бар тауарлар үлесі шамамен 20 процентті ғана құрады».

Қазіргі жағдаймен бизнесті сақтандыру жөніндегі корпорация жалпы құны 50 млн. долларды құрайтын 22 кәсіпорынның өтінішін қарауда. «2003-жылы еліміздің экспорт ауқымы 11 млрд. долларды құрағанын ескерсек, бұл көрсеткіш тым мардымсыз»,- деді индустрия және сауда министрі.
«Биыл біз даму институттарының жұмысынан нақыт нәтижелер күтеміз»,- деді министр.

Соңғы жаңалықтар