Қазақстан экспортының басым бөлігі оффшорлық аймақтардың үлесінде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экспортының басым бөлігі оффшорлық аймақтардың үлесінде

Қазақстан экспортының басым бөлігі оффшорлық аймақтардың үлесінде

2003-жыл қорытындысы бойынша Қазақстаннан шығарылатын экспорт үлесімен Бермуд аралдары бірінші орында тұр. Республиканың жалпы экспорт көлемінің 17 проценті осы аралдардың үлесінде. Бұл туралы бүгінгі парламенттік тыңдауларға орай таратылған құжаттарда айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Мамыр 2004
  • 429
Фото - Caravan.kz

2003-жылы Қазақстаннан шығарылған жалпы экспорттың 15,2 проценттік үлесі Ресейге бұйырса, Қырғызстанға — 1,2%, Өзбекстанға — 1%, Швейцарияға — 13%, Қытайға — 12,8% үлес тиді. Ал Қазақстан экспортының 4,7 проценті Виргиния аралдарының үлесінде.

Жалпы алғанда, 2003-жылы Қазақстан мен Бермуд аралдары арасындағы тауар айналымы 2,192 млрд. долларды, немесе жалпы тауар айналымының 10,2 процентін құраса, Виргиния аралдарының үлесіне республианың жалпы тауар айналымының 3,1 проценті немесе, 659,5 млн. доллары, Ресейге 25,2 проценті немесе, 5,36 млрд. доллары тиді.

Соңғы жаңалықтар