Қазақстан экспортының көлемі 5,7 пайызға өсіп, 70 млрд. АҚШ долларына жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экспортының көлемі 5,7 пайызға өсіп, 70 млрд. АҚШ долларына жетті

Қазақстан экспортының көлемі 5,7 пайызға өсіп, 70 млрд. АҚШ долларына жетті

2012 жылдың 9 айында Қазақстан экспортының көлемі 2011 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,7%-ға өсіп, шамамен 70 млрд. АҚШ долларын құрады.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 479
Фото - Caravan.kz

«KAZNEX INVEST» мәліметіне қарағанда, соның ішінде дайын тауарлар экспорты 18%-ға артып, 18,3 млрд. АҚШ долларын құрады (бұл жалпы көлемнің 26,3%-ы). Жалпы алғанда дайын өнім экспорты бойынша бұл мәліметтер келесі экспорттардан алынды: аралық тұтыну тауарлары — 14,8 млрд. АҚШ доллары, тұтынушылар тауарлары — 2,8 млрд. АҚШ доллары және өндіріс құралдары — 754 млн. АҚШ доллары көлемінде.

Өңделген экспорттың жалпы құрылымында дәстүрге сай аралық тұтыну тауарлары елеулі үлес алады. Экспорт жағдайына жүргізілген мониторинг көрсеткендей, шетел нарықтарында металдар, прокат, түрлі мұнай өнімдері және жартылай өңделген күйдегі минералды ресурстар тұрақты сұранысқа ие. 2012 жылдың 9 айында аралық тұтыну тауарлары экспортының өсімі 13%-ды құрады. Осы топта, сондай-ақ, ұн экспорты — 32%, сары фосфор — 12%, тыңайтқыштар — 19%, полипропилен — шамамен 117,5%-ға артты.

Тұтынушылар тауарын жеткізу көлемі, ең алдымен, минералды және агро азық-түлік тауарлары экспортының өсуі есебінен өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 26%-ға асып түсті. Мына экспорт түрлерінің артқандығын айта кету керек: темекі — 85%, тұрмыстық химия — 60%, шоколад — 30%, кондитер бұйымдары — 10%, фармацевтикалық өнімдер — 11%, макарон бұйымдары — 90%.

Өндіріс құралдары экспорты көлемінің 2012 жылдың 9 айындағы өсімі 188%-ды құрады. Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда трансформаторлар экспорты 66,3%-ға артты, негізінен Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан елдеріне.

Қазақстан тауарлары экспортының жағрапиялық картасы айтарлықтай өзгерген жоқ. Экспорт барлық бағыттарда іс жүзінде артты, тек Кедендік одақ елдеріне Қазақстаннан тауар жеткізу 8%-ға немесе 526 млн. АҚШ долларына қысқарды. Бұл өзгеріс шикізаттың бағалық көлемі экспортының төмендеуі есебінен байқалды (көмір — 70% немесе 904 млн. АҚШ долларына, кен және концентраттар — 41% немесе 504 млн. АҚШ долларына). Бірақ та, КО нарығына дайын өнім экспорты шамамен 45%-ға өсті.

Қазақстанның дайын өнімін тұтынушылар тізімінде 113 ел бар. Еуропалық елдердің үлесінде 22,5% (ферроқорытпалар, мұнай өнімдері, мұнай газдары, тазартылған жез, уран, күміс), Қытайға өңделген экспорттың 18,4 пайызы жөнелтіледі (тазартылған мыс, ферроқорытпалар, мұнай өнімдері, мырыш, уран), Кедендік одақ еншісінде — 17% (уран, тазартылған жез, прокат, глинозем, есептеуіш машиналары, ферроқорытпалар), Орталық Азия аймағына — 6% (ұн, мұнай газы, мұнай өнімдері, электр энергиясы, темекілер, тыңайтқыштар), Кавказ елдеріне — 0,4% (прокат, тыңайтқыштар, приборлар мен аспаптар, аккумуляторлар).