Қазақстан электр қуатын өндіру мөлшерін 1,7 процентке арттырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан электр қуатын өндіру мөлшерін 1,7 процентке арттырды

Қазақстан электр қуатын өндіру мөлшерін 1,7 процентке арттырды

2005-жылдың 8 айында Қазақстан электр қуатын өндіру мөлшерін өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,7 процентке арттырып, 44 млрд. кВт/сағ-қа жеткізді. Бұл туралы бүгін, 29-қыркүйекте ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің алқа мәжілісінде осы мекеменің басшысы Владимир Школьник құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2005
  • 367
Фото - Caravan.kz



Министрлік мәліметіне сәйкес, электр қуатын тұтыну мөлшері 5,5 процентке артып, 44,1 млрд. кВт/сағ болды.
Биыл еліміздегі ірі электр станицияларының электр қуатын өндіру мөлшерін арттыру ағымы байқалып отыр. Атап айтсақ, Қарағанды ГРЭС-і бұл ауқымды 17,1 процентке, Екібастұз ГРЭС-і 9 процентке, Павлодар жылу электр станциясы 5,8 процентке арттырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта