Қазақстан энергетика саласын зерттеуді Қытаймен бірлесе жүргізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан энергетика саласын зерттеуді Қытаймен бірлесе жүргізбек

Қазақстан энергетика саласын зерттеуді Қытаймен бірлесе жүргізбек

Бүгін Астанада өз жұмысын бастаған «KAZENERGY» оныншы Еуразиялық форумы барысында

<

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 562
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Ұлттық инженерлік академиясы мен Қытай инженерлік академиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, форумның аясында мұнай-газ және энергетика нарығының даму келешегі үшін берік тұғырды қалыптастыру мақсатында мемлекеттер, саланың өкілдері және негізгі шешімдерді қабылдайтын тұлғалар арасындағы ынтымақтастықты талқылаулар қарастырылған.

Меморандумға Қазақстан тарапынан ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, ал Қытай тарапынан «SINOPEC GROUP» мұнай және химия корпорациясының төрағасы Қытай инженерлік академиясының академигі Ван Юй Пу қол қояды деп күтіледі.

Қазақстан мен Қытай академиялары арасындағы аталмыш меморандум бойынша екі елдің инженерлік ғылым және технологиялар саласындағы байланысты қалыптастыру, мамандармен тәжірибе алмасу және өзге де бағыттарда ынтымақтастық көзделеді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытайдың инженерлік академиялары энергетика және қоршаған орта саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге ниеттенеді. Бұдан бөлек, стратегиялық ғылым мен технологиялық саясат бойынша форумдар және Жібек жолының экономикалық белдеуін дамыту, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, көліктік жүйелер, ақпараттық технологиялар және коммуникациялар, инженерлік білім беру және басқа да маңызды қоғамдық мәселелер бойынша бірлесіп өңірлік және халықаралық конференциялар өткізу мәселелерін қарастыратын болады. 


Соңғы жаңалықтар