Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзіне "ғаламдық ойыншы" рөлін жүктеп алды - Тәжин - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзіне "ғаламдық ойыншы" рөлін жүктеп алды - Тәжин

Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзіне "ғаламдық ойыншы" рөлін жүктеп алды - Тәжин

Алматы. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзіне "ғаламдық ойыншы" рөлін жүктеп алды. Бұл туралы Вашингтондағы Карнеги қорында "Ғаламдық әлемдегі Қазақстан" даган тақырыпта баяндама жасаған ҚР СІМ Марат Тәжин мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 3 Қазан 2008
  • 425
Фото - Caravan.kz

М.Тәжиннің айтуынша, Қазақстан 4,8 млрд тонна көлемінде дәлелденген мұнай қорына иелік етеді, бұл әлемдегі жалпы мұнай қорының 3%-ын құрап, көмірсутегінің қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің ондығына кіреді. Жалпы алғанда 2007 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 67,2 млн тоннаны құрады, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 70 млн тонна, ал 2015 жылы 100 млн жуық тонна мұнай өндіру көздеслуде, оның басым бөлігі экспортқа шығарылады.

«Қазақстан өзінің әлемдік нарыққа энергетикалық ресурстар шығарушы мемлекет ретіндегі маңызының өсе түскенін сезінеді және жауапты әрі сенімді халықаралық серіктес ретінде қала береді. Ол үшін біз стратегиялық сипаттағы қосымша шараларды қолданбақпыз», — деді министр.

Қазақстан бұрынғыдай барлық ірі Еуразиялық құбыр жобаларына, соның ішінде каспий құбыр консорциумына, Баку — Тбилиси — Жейхан, Қазақстан — Қытай, Бургас — Александропулис, Каспий маңызы газ құбырына қатыса береді, деді М.Тәжин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар