Қазақстан энергожүйені тиімді реттеу мәселелері бойынша Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ел ретінде мойындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан энергожүйені тиімді реттеу мәселелері бойынша Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ел ретінде мойындалды

Қазақстан энергожүйені тиімді реттеу мәселелері бойынша Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ел ретінде мойындалды

Қазақстан энергожүйені тиімді реттеу мәселелері бойынша және реттеуші орган рыногын дамыту мәселелерін шешуде Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ел ретінде мойындалды. Бұл туралы Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше-елдердің энергетика саласын реттеуші органдары форумының Пекинде өткен жыл сайынғы бірінші кеңесінің қорытындысы бойынша ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметі бүгін, 12-шілдеде таратқан хабарламада айтылған.

  • 12 Шiлде 2005
  • 523
Фото - Caravan.kz

Кездесуге Әзербайжан, ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.

Кеңес мақсаты энергетика саласын реттеу тәжірибесі мен жетіктіктермен бөлісу, көзқарастар мен міндеттерді зерттеуге саяды.
Форум өзара ақпарат және тәжірибе алмасу, ортақ қиындықтарды бірлесе зерттеу, түрлі зерттеулер мен оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатымен энергетика саласын реттеуші мекемелерді біріктірген ұйымға айналып, үйлестіруші орган әрі реттеу саласындағы біліктілік қоры ретінде жұмыс жүргізеді.
Кездесу соңында Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше-елдердің энергетика саласын реттеуші органдары форумының кезекті жыл сайынғы кеңесін 2006-жылы Астанада өткізуге ұйғарым жасалды.

Перейти к новостям спорта