Қазақстан ЭСКАТО-ның СПЕКА бағдарламасын жүзеге асырудағы ролін жоғары бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ЭСКАТО-ның СПЕКА бағдарламасын жүзеге асырудағы ролін жоғары бағалайды

Қазақстан ЭСКАТО-ның СПЕКА бағдарламасын жүзеге асырудағы ролін жоғары бағалайды

АЛМАТЫ. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан ЭСКАТО-ның БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнаулы бағдарламасын (СПЕКА) жүзеге асырудағы ролін жоғары бағалайды. Бұл туралы бүгін Алматыда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясы аясында ЭСКАТО-ға мүше елдердің министрлерінің отырысының ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Мамыр 2007
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Біз СПЕКА аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерінің Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясы мен ЭСКАТО-ға мүше елдердің Азия-тынық мұхиты бизнес форумының күн тәртібінде айрықша орынға ие болғанына қуанамыз»,- деді президент. Н.Назарбаевтың айтуынша, Орталық Азия елдерінің географиялық ерекшелігі — олардың құрлықтың терең кіндігінде орналасуы болмақ. «Қазақстан әлемдегі мұхитқа шығар жол жоқ ең ірі елдердің бірі ретінде түрлі транзиттік-транспорттық құбыр жобаларын жүзеге асырудан мүдделі және оларды қолдауға дайын»,- деді мемлекет басшысы.

Оның пікірінше, «теңізге шығар жол жоқ дамушы елдердің Алматы іс-қимылдар бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аудару қажет». «Орталық Азия мен АСЕАН елдері арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін АСЕАН+Орталық Азия саяси және экономикалық диалогын құру орынды болар еді»,- деді Н.Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті