Қазақстан эстрадасының жұлдыздары К.Дүйсекеевтің шығармашылық кешінде өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан эстрадасының жұлдыздары К.Дүйсекеевтің шығармашылық кешінде өнер көрсетеді

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары К.Дүйсекеевтің шығармашылық кешінде өнер көрсетеді

2 шілдеде Астанада Конгресс-холл сарайында композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің «Алтын бесік - Астана» атты авторлық кеші өтеді,

  • 25 Маусым 2013
  • 664
Фото - Caravan.kz

 деп хабарлайды astana.kz сайты Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдасткомитеті штабының медиатобына сілтеме жасап.

Кешке қонақ ретінде Ерік Жолжақсынов, Нағима Есқалиева, Маржан Арапбаева, Майра Дәулетбақова, Жұбаныш Жексенұлы, Қадырәлі Болманов, Алишер Каримов, Мадина Сәдуақасова, Жеңіс Ысқақова, Ақжол Мейірбеков, Айжан Нұрмағамбетова, «Дабыл» тобы, Нұрлан Өнербаев, Роза Рымбаева шақырылып отыр.

Ерболат Ахмедьяров жетекшілік ететін симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен әншілер «Қайда жүрдiң», «Еркеледiң сен», «Алматым», «Өкінбе сен», «Асыл ана», «Ғашықтар жыры», «Туған жер», «Алғашқы махаббат», «Қарағым-ай», «Махаббат сыры», «Алтын бесiк Астана» және тағы да басқа әндерді шырқайды.

Кеңес Дүйсекеев қазіргі заманғы кеңінен танылған көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Ол бірнеше фильмдер мен театр қойылымдарына да музыка жазған.  Қазіргі уақытта ол Қазақ ұлттық өнер университетінің «Композиция және опералық-симфониялық дирижирлік» кафедрасында дәріс оқиды.


Перейти к новостям спорта