Қазақстан ЭЫДҰ Орталық-Азиялық Бастамасының тең төрағасы өкілеттігін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.83
  • 545.37
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ЭЫДҰ Орталық-Азиялық Бастамасының тең төрағасы өкілеттігін қабылдады

Қазақстан ЭЫДҰ Орталық-Азиялық Бастамасының тең төрағасы өкілеттігін қабылдады

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі Ұйымның (ЭЫДҰ) Орталық-Азиялық Бастамасының тең төрағасы өкілеттігін қабылдады.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 382
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Орынбаевтың атына жазған ресми құжатта Ұйымның Бас хатшысының орынбасары Ричард Баучер хабарлады.

ҚР Премьер- Министрінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Р. Баучер өзінің хатында Қазақстанның өңірдегі рөлін, Бастама жұмысындағы белсенді жұмысын жоғары бағалады, сондай-ақ ЭЫДҰ іске асырып отырған жобаларға ел басшылығы көрсетіп отырған қолдауларға ризашылығын білдірді.

2008 жылдан бері жұмыс істеп тұрған Орталық-Азиялық Бастама ЭЫДҰ бәсекеге қабілеттіліктің Еуразиялық бағдарламасының бөлігі болып табылады және инвестициялық ахуалды жақсартуға, өнімділікті арттыруға, жекеменшік секторды дамытуға және өңірдегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.

Бүгінде Қазақстанда Бастама шеңберінде «Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру», «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу жүйесін оңтайландыру», сондай-ақ «Салалық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың стратегиясы» жобалары іске асырылуда.

Бастмаға қатысушы-елдердің ішінде Қазақстаннан басқа Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан және Өзбекстан елдері бар. Қазақстан өңірдегі Бастама басшылығының құрамына енген елдердің алғашқысы ретінде ЭЫДҰ мүше-мемлекеттермен бірлесіп, үш жыл бойына тең төрағалық міндетін атқаратын болады.