Қазақстан ЕХРО-2017 көрмесін Астанада өткізу мәселесін Кариб бассейніндегі тағы жеті мемлекет қолдайды деп үміттенеді
ЕХРО-2017 көрмесін Астанада өткізу идеясын насихаттау үшін жолға шыққан Қазақстан саяхатшылары Кариб бассейніндегі Сент-Китс және Невис мемлекеттеріне аялдады. |
Авто-мотоэкспедиция жетекшісі Дмитрий Петрухин олар осы мемлекеттегі ЕХРО көрмесін ұйымдастырушы Милена Заримен кездескенін айтты.
Оның айтуынша, М.Зари «2017 жылы халықаралық ЕХРО көрмесін Қазақстанда өткізу мәселесін қос қолдап қолдайтынын» білдірген.
М.Зари Қазақстан командасын қарашаның 4-і мен 11-і аралығында Гаванада өтетін EXPO-CUBA көрмесіне қатысуға шақырды.
Қазіргі сәтте экспедиция Санто-Доминго арқылы Гаванаға бет алды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін