Авто-мотоэкспедиция жетекшісі Дмитрий Петрухин олар осы мемлекеттегі ЕХРО көрмесін ұйымдастырушы Милена Заримен кездескенін айтты.
Оның айтуынша, М.Зари «2017 жылы халықаралық ЕХРО көрмесін Қазақстанда өткізу мәселесін қос қолдап қолдайтынын» білдірген.
М.Зари Қазақстан командасын қарашаның 4-і мен 11-і аралығында Гаванада өтетін EXPO-CUBA көрмесіне қатысуға шақырды.
Қазіргі сәтте экспедиция Санто-Доминго арқылы Гаванаға бет алды.