Қазақстан Елбасы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесін "Достық" орденімен марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Елбасы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесін "Достық" орденімен  марапаттады

Қазақстан Елбасы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесін "Достық" орденімен марапаттады

АСТАНА. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қытайда мемлекеттік сапармен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Тан Цзясюаньді халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегі үшін II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.

  • 21 Желтоқсан 2006
  • 460
Фото - Caravan.kz

«Біз сіздің Қазақстан мен Қытай арасындағы, соның ішінде Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары процессі аясындағы қарым-қатынасты нығайту үшін қандай еңбектер атқарып жатқаныңызды білеміз»,- деді Н.Назарбаев сыйлықты ұсынып тұрып.

Тан Цзясюань Қазақстанның Елбасына рахметін айтты. «Мен үшін осыншалықты жоғары марапатқа ие болу үлкен мақтаныш, бұл Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы терең достықтың көрінісі. Мен Қазақстан мен Қытай елінің ынтымақтастығын ары қарай нығайтуда және Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары процесінің алға басуына өзімнің барлық күшімді салуға дайынмын», — деді Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің мүшесі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта