Қазақстан елімізде туризм саласын дамыту үшін Түркиямен ынтымақтастыққа дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елімізде туризм саласын дамыту үшін Түркиямен ынтымақтастыққа дайын

Қазақстан елімізде туризм саласын дамыту үшін Түркиямен ынтымақтастыққа дайын

АСТАНА. 24-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан елімізде туризм саласын дамыту үшін Түркиямен ынтымақтастыққа дайын. Бұл туралы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының 4-отырысы барысында еліміздің туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Тамыз 2006
  • 715
Фото - Caravan.kz



«Қазақстан туризм мен мейманхана бизнесін дамыту, сервисті жақсарту және көрсетілетін туристік қызметтердің сапасын арттыру саласы бойынша тәжірибе алмасуда Түркия жағының көмегі мен инвестициясына үміт артады және оны қолдайды»,- деді министр.

Т.Досмұхамбетовтың айтуынша, «бүгінде еліміздегі демалыс базалары шетелдік туристердің талаптарына сай келмейді, ал Түркия жыл сайын 25 млн. туристі қабылдап, соның арқасында 23 млрд. доллар қаржы тауып отыр. Сол себепті Түркиядан да туристік операторларды тартқан жөн»,- деді министр.

Т.Досмұхамбетовтың пікірінше, «екі елдің әлеуеті тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді».

Өз кезегінде Түркияның мемлекеттік министрі Мехмет Айдынның хабарлауынша, «жыл қорытындысына сәйкес Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемі 1 млрд. долларға жетеді, ал алдағы үш жылда бұл көлемді 2 млрд. долларға жеткізу — меже».

2005-жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына жұмсалған Түркияның инвестициясы 500 млн. доллардан асты.

Перейти к новостям спорта