Қазақстан елшілігі Пәкістан Сыртқы істер министрлігінен табылған қазақстандық төлқұжаттар туралы толық ақпарат беруді өтінді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшілігі Пәкістан Сыртқы істер министрлігінен табылған қазақстандық төлқұжаттар туралы  толық ақпарат беруді өтінді

Қазақстан елшілігі Пәкістан Сыртқы істер министрлігінен табылған қазақстандық төлқұжаттар туралы толық ақпарат беруді өтінді

Қазақстанның Исламабадтағы елшілігі Пәкістан Сыртқы істер министрлігіне Солтүстік Визирстанда болған оқиғалар кезінде табылған қазақстандық төлқұжаттары бар адамдардың аты-жөнін анықтауға қатысты толық ақпарат беруді өтініп ресми сауал жолдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Пәкістандағы Қазақстан елшілігінің баспасөз хатшысы Ернұр Тұяқбаев хабарлады.

  • 18 Шiлде 2005
  • 433
Фото - Caravan.kz

Е.Тұяқбаевтың хабарлауынша, «Пәкістанға келген барлық Қазақстан азаматтары консулдық бөлімде тіркеледі және Пәкістан аумағында тұрып жатқан жерлері туралы ақпараттар қалдырады». «Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі жағдаймен Солтүстік Визирстанда Қазақстан азаматтарынан ешкім тұрмайды»,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Пәкістанның Солтүстік Визирстан автономиялық ауданында содырлар тобының көзі жойылған. Атыстан кейін қаза тапқан содырлардан қазақстандық төлқұжаттар табылды-мыс,- делінуде. Пәкістандық қауіпсіздік күштері мен содырлар арасындағы қақтығыс 17-шілде күні түнде Ауғанстанмен арадағы шекарада болған. Ресми ақпаратқа сәйкес, содырларды отырғызған екі жүк көлігі әскери қалашықтардың біріне өтіп кетпек болған. Көліктерді тоқтату туралы талапқа содырлар оқпен жауап қайтарған. Ақырында пәкістандық әскерлер екі жүк көлігінің де көзін жойды.

Перейти к новостям спорта