Жарияланды: 600

Қазақстан елшісі Амангелді Жұмабаев Түрікменстан президентінің орденімен марапатталды

Қазақстан елшісі Амангелді Жұмабаев Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың "Тәуелсіз Түрікменстанға деген сүйіспеншілігі үшін" атты орденімен марапатталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

Марапаттау туралы жарлыққа С.Ниязов 2003-жылдың 27-желтоқсанында қол қойды. Құжатта А.Жұмабаевтың "бейтарап Түрікмен мемлекеті мен бауырлас Қазақстан Республикасы арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту және нығайтуда қосқан" елеулі үлесі атап көрсетілген. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Амангелді Жұмабаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін