Облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, онда былай делінген: «Құрметті Нұрлан Асқарұлы! ҚР Елшілігінің Қазан мемлекеттік университетінде Бөкей Ордасының соңғы ханы — Жәңгір ханның мемориалдық тақтасын орнату жөніндегі бастамасын қолдап, аталған тақтаны әзірлеуге және оны Мәскеу қаласына жеткізуге тиісті қолғабыс көрсеткеніңіз үшін алғысымды білдіремін.
Бұл іс-әрекетімізді қазақ халқының тарихында ерекше орын алған бабамызды мәңгі есте сақтау бағытындағы игі шара деп білемін.
Алдағы уақытта да еліміздің абыройын асқақтату және халқымыздың мерейін үстем ету жолында қызмет жасай берейік».