Қазақстан Елшісі БҚО әкіміне Жәңгір ханның мемориалдық тақтасын әзірлеуге және оны Мәскеуге жеткізуге қолғабыс еткені үшін алғысын білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Елшісі БҚО әкіміне Жәңгір ханның мемориалдық тақтасын әзірлеуге және оны Мәскеуге жеткізуге қолғабыс еткені үшін алғысын білдірді

Қазақстан Елшісі БҚО әкіміне Жәңгір ханның мемориалдық тақтасын әзірлеуге және оны Мәскеуге жеткізуге қолғабыс еткені үшін алғысын білдірді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың атына Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Оразбақовтан хат келіп түсті.

  • 25 Қазан 2012
  • 361
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, онда былай делінген: «Құрметті Нұрлан Асқарұлы! ҚР Елшілігінің Қазан мемлекеттік университетінде Бөкей Ордасының соңғы ханы — Жәңгір ханның мемориалдық тақтасын орнату жөніндегі бастамасын қолдап, аталған тақтаны әзірлеуге және оны Мәскеу қаласына жеткізуге тиісті қолғабыс көрсеткеніңіз үшін алғысымды білдіремін.

Бұл іс-әрекетімізді қазақ халқының тарихында ерекше орын алған бабамызды мәңгі есте сақтау бағытындағы игі шара деп білемін.
Алдағы уақытта да еліміздің абыройын асқақтату және халқымыздың мерейін үстем ету жолында қызмет жасай берейік».

Соңғы жаңалықтар