Салтанатты рәсімнен кейін болған кездесуде екі жақты қарым-қатынастардың даму барысы жан-жақты талқыланды. Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын, оның дамуына барлық қажетті жағдайдың бар екендігін, сондай-ақ инвестициялық мүмкіндіктерді бірлесіп іздеу қажеттігін қуаттады.
Елші Т.Қабдрахманов Эстония басшысын Қазақстанның серпінді даму жолын, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру мақсаты туралы, сыртқы саясаттағы бастамалары, азаматтық қоғамды дамыту істерімен таныстырды. Қазақстан президентінің қазақстан-эстон қарым-қатынастарының барлық саласын ілгерілету барысындағы міндеттерін атап өтті.
Эстон жағына Қазақстанның Еуроодақпен тең, әрі әріптестік бағытындағы қарым-қатынасты жандандыруға көрсетіп отырған көмегі үшін алғыс айтып, Таллинннің 2009 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету бастамасын жақтауына ризашылық білдірді. Екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың болашағын талқылау барысында көлік-тасымалдау мүмкіндіктері мен жоғары технология және инновация салалары да сөз болды.
Эстония президенті Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және барша Қазақстан халқына өз атынан игі тілегін білдірді.
Елші сондай-ақ Эстонияның үкімет басшысы А.Ансиппен, Рийгикогу (парламент) төрағасы Т.Варекпен, экономика және коммуникация министрі Э.Сависаармен, Қазақстанның Эстониядағы құрметті консулы А.Луукаспен және Таллинн портының жетекшілерімен және Эстониядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесулері өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті