Қазақстан елшісі Гаагадағы голландиялық ғарыш кеңсесінде болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшісі Гаагадағы голландиялық ғарыш кеңсесінде болды

Қазақстан елшісі Гаагадағы голландиялық ғарыш кеңсесінде болды

Қазақстан Елшісі Майнұр Мұрзамадиева Гаагадағы голландиялық ғарыш кеңсесінде болып,

  • 21 Маусым 2011
  • 374
Фото - Caravan.kz

«Нидерланды ғарыш кеңсесінің» президенті Гер Ньюпортпен кездесті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосынан.

Кездесу барысында ғарыш саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. ««Нидерланды ғарыш кеңсесі» басшысының айтуынша, қазіргі таңда олар голландиялық ғарышкер Андре Кейперсті ғарышқа ұшыруға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Ол сапар ағымдағы жылы 30 қарашаға белгіленген.

Қазақстан Республикасының елшісі, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аталып отырған биылғы жылы ғарыш саласындағы қазақстан-нидерланды қарым-қатынастарын әрі қарай кеңейту және ғарыш саласындағы жетістіктерді кеңінен таныстыруға бар күш-жігер салуды ұсынды. Осы мақсатта Ғарыш кеңсесімен ұшу сапарының қорытындысы бойынша бірлескен шара ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

«Нидерланды ғарыш кеңсесі» «Еуропалық ғарыш агенттігінің» ғылыми-зерттеу бағдарламалары негізінде жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар