Қазақстан елшісі Германияның Шлезвиг-Гольштейн федеральдық жеріне сапар жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшісі Германияның Шлезвиг-Гольштейн федеральдық жеріне сапар жасады

Қазақстан елшісі Германияның Шлезвиг-Гольштейн федеральдық жеріне сапар жасады

Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы елшісі Нұрлан Онжанов Шлезвиг-Гольштейн федеральдық жеріне сапар жасап,

  • 24 Маусым 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

Киль қаласында өңір премьер-министрі Петер Харри Карстенсонмен, сондай-ақ Фленсбург қаласында іскер, экономикалық, ғылыми топтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулер өткізді, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Елші Онжанов кездесулердің барысында герман тарапын Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Германияның екіжақты тереңдету және кеңейту бағытында соңғы жылдары арасында қол жеткізіліп отырған жетістіктері туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланған Шлезвиг-Гольштейн жерінің премьер-министрімен болған кездесуде елші Онжанов, аймақтардың арасындағы байланыстар кәсіпкерлерді бірлескен жобаларға атсалысуға және нақты келісімдерге қол жеткізуге ынталандыруда шешуші роль атқарып отырғанын атап көрсетті. Осыған байланысты, дипломат Қазақстан мен Шлезвиг-Гольштейн федеральдық жерінің арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін толыққанды пайдалану мақсатында бірлесіп әрекет етуге шақырды.

Шлезвиг-Гольштейн жерінің премьер-министрі сапары үшін Қазақстан дипломатына алғыс білдірді және екі елдің арасындағы байланыстарды нығайтуға өз мүдделілігін жеткізді.

Сапар аясында елші Онжанов Бундестаг депутаты Вольфганг Бёрнзеннің шақыруымен Фленсбург қаласында болып, іскер, экономикалық және ғылыми топтардың өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге қатысқан Фленсбург қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Уве Мёзер, қазақстандық компаниялармен іскерлік байланыс орнату үшін жақын арада аймақ кәсіпкерлерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру ниетін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар