Қазақстан елшісі Италия президентіне сенім грамотасын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшісі Италия президентіне сенім грамотасын табыс етті

Қазақстан елшісі Италия президентіне сенім грамотасын табыс етті

Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Алмас Хамзаев Италия президенті Карло Адзелио Чампи мырзаға сенім грамотасын табыс етті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қараша 2004
  • 367
Фото - Caravan.kz

Сенім қағазын табыс ету рәсімінен кейінгі әңгіме барысында Италия президенті Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарына жоғары баға берді, деп хабарлайды баспасөз қызметі. К.Чампи Қазақстан-Италия қарым-қатынасының қарқынды дамып келе жатқанын атай отырып, екі жақты ынтымақтастықтың басымдық берілген салаларының аясын кеңейту қажеттігін атап көрсетті.

Ал Қазақстан елшісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Италия президентіне сәлем жолдап, елге гүлдену, ал Қазақстан-Италия достық байланыстарына тереңдік тіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А.Хамзаев Қазақстан Республикасының Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып қазан айының басында тағайындалған.

Перейти к новостям спорта