Қазақстан Елшісі Италияның солтүстік аймақтарында болып, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Елшісі Италияның солтүстік аймақтарында болып, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Елшісі Италияның солтүстік аймақтарында болып, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Елемесов Италияның солтүстік аймақтары - Пьемонтеде, Ломбардияда және Эмилия-Романьяда жұмыс сапарымен болды. Бұл туралы ҚР СІМ-нен мәлім етті.

  • 31 Қазан 2012
  • 392
Фото - Caravan.kz

А.Елемесовтың Пьемонте аймағының Президенті Р.Котамен келіссөздері кезінде келесі жылдың басында Пьемонте аймағының бизнес-делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Аймақ Басшысы Қазақстанның сауда топтарының өкілдерін өз аймағында қабылдауға дайын екендігін атап өтті.

Турин қаласының Мэрі П.Фассиномен кездесу барысында екі ел аймақтарының өзара қарым-қатынастары талқыға салынды. Атап айтқанда, П.Фассино, Алматы және Турин арасында туыстас қатынастар орнату мүмкіншіліктері бойынша келісімге қол қоюға дайын екендігін білдірді. Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқтала келе, қала мэриясының өкілдері Туринде қазақстандық кино Аптасын ұйымдастыруға жан-жақты қолғабыс көрсетуге дайындықтарын жеткізді.

Іскер топтардың 50-ден астам өкілдерін, соның ішінде Пьемонте бизнесінің әр түрлі секторлары мен салаларындағы компаниялар басшыларын жинаған аймақтық қазақстандық-италияндық бизнес-форум Туринге сапар бағдарламасындағы маңызды тармақтарының бірі болды.

Форум барысында, А.Елемесов қазақстандық экономиканың қазіргі жағдайы мен келешегі, Қазақстанда шетелдік бизнес пен инвестицияларға жасалып жатқан жеңілдіктермен таныстырып, Еуразиядағы ықпалдастық процестері негізінде халықаралық іскер қауымы өкілдері үшін қалыптасып жатқан жаңа мүмкіншіліктерді атап өтті.

Сапар аясында А.Елемесов «Фиат» зауытының жұмысымен танысып, компанияның топ-менеджерлерімен кездесу өткізді. Автоконцерннің өкілдері IVECO («Фиат» еншілес компаниясы) коммерциялық автомашиналарға және арнайы техникаларға қызмет көрсету және монтажды құрастыру желісін Қазақстанда ашуға қызығушылық танытты. «Фиат» мамандарының пайымдауынша, келешекте аталған техниканы Қазақстанда толық түрде өндіру деңгейіне жету мүмкіншілігі бар.

Сапардың соңында А.Елемесовтың Туриннің университеттерінде оқитын қазақстандық студенттермен кездесуі өтіп, оның барысында Италиядағы біздің азамматтарға Елшілік жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігі аталып өтілді.