Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейінгі әңгімеде елші Кувейт Әмірін Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа сатысы мен саяси жаңғыруы барысы туралы баяндап, таяу арада біздің еліміз әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіруге ниеттеніп отырғанын жеткізді.
Кувейт Әмірі Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның демократиялық және саяси-әлеуметтік дамуында зор табыстарға жеткенін жоғары бағалай отырып, қазақстандық лидердің ішкі-сыртқы саяси бағдарды көрегендікпен болжағанын және сонысымен әлемдік қоғамдастықтың құрметіне ие болғандығын атап көрсетті. Ол сондай-ақ «бауырлас Қазақстанмен көп қырлы ынтымақтастықты толыққанды дамыту үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайтынын мәлімдеді»,- деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті