Қазақстан елшісі Монғолия президентіне сенімхатын табыс етті - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшісі Монғолия президентіне сенімхатын  табыс етті

Қазақстан елшісі Монғолия президентіне сенімхатын табыс етті

Қазақстан Республикасының Монғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Кәрібжанов осы елдің президенті Нацагийн Багабандиге сенімхатын табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 478
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қазақстандық елші мен Монғолия президенті екі жақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен болашағы туралы сөз қозғады.

Қазақстан елшісі сондай-ақ, Монғолия парламенті- Мемлекеттік Ұлы Құрылтайдың төрағасы С.Төмөр-Очирмен, үкімет басшысы Н.Энхбаярмен, сыртқы істер министрі Л.Эрдэнэчулуунмен және қорғаныс министрі Ж.Гүррагчаамен кездесті.
Жүздесу барысында екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан-Монғолия үкіметаралық комиссиясының жұмысын қайтадан жандандыру, сондай-ақ, Монғолияда тұратын қазақ диаспорасының проблемалары туралы талқыланды. Монғолия жағы тау-кен , көлік, туризм және инфрақұрылымдық құрылыстар салу саласына Қазақстаннан инвестиция тартуға айрықша қызығушылық танытты.

Соңғы жаңалықтар