Қазақстан елшісі Өзбекстан СІМ-де келіссөздер жүргізді
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексенбинмен кездесу өтті, деп ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады. |
«Кездесу барысында қазақ-өзбек ынтымақтастығының өзекіт мәселелері, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара әрекеттесу мәселелеріне қатысты пікір алмасу болды», - делінген хабарда.
Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетіңнің мәліметтерінше, өзбек-қазақ сауда айналымы 2011-ші жылдың қаңтар-наурызына 2010-шы жылғы осындай аралықпен салыстырғанда 2,3 есеге артып, $548,9 млн болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін