Қазақстан елшісі өз сөзінде жаңаша қауіп-қатерлермен күрес бағытында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Еуропалық Кеңес арасындағы ынтымақтастық аясының кеңейе түсуіне қолдау білдірді. Р.Әлиев лаңкестікке, төзімсіздік пен алалаушылыққа, адам саудасына қарсы күрес бағытында, сондай-ақ, азшыл ұлттардың құқығын қорғау бағытында күш біріктірудің маңызына ерекше тоқталды.
Бірлескен жиын барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Еуропалық Кеңес арасындағы ынтымақтастық туралы декларация қабылданды. Бұл құжат мамыр айында Варшавада өтетін Еуропалық кеңестің 3-саммитінде бекітіледі.