Қазақстан Елшісі Ржевтегі Мемориалдық кешенге 1054 кеңес жауынгері мен офицерін қайта жерлеу рәсіміне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Елшісі Ржевтегі Мемориалдық кешенге 1054 кеңес жауынгері мен офицерін қайта жерлеу рәсіміне қатысты

Қазақстан Елшісі Ржевтегі Мемориалдық кешенге 1054 кеңес жауынгері мен офицерін қайта жерлеу рәсіміне қатысты

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков Ұлы Отан соғысы басталуының 70 жылдығы қарсаңында, 22 маусымда Тверь облысының Ржев қаласындағы Мемориалдық кешенде 1 054 кеңес жауынгері мен офицерін қайта жерлеу рәсіміне қатысты,

  • 24 Маусым 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Бұл шараға сондай-ақ Тверь облысы губернаторының міндетін атқарушы Андрей Шевелев, РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары Владимир Васильев пен Виктор Абрамов, Ржев ауданының басшысы Валерий Румянцев, Ржев қаласының мэрі Александр Щетинин, Ржевтің іргесінде қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары қатысты.

Рәсімге қатысушылар бауырластар зиратына, сондай-ақ Алматы мен Ақтөбе қалаларында жасақталған 100- және 101-ші жеке атқыштар бригадаларының қазақстандық жауынгерлерінің мемориалына гүл шоқтарын қойды. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына ашылған бұл мемориал Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамашылығымен және Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен бой көтерген болатын.

Тверь облысы губернаторының міндетін атқарушы Андрей Шевелев елші З.Тұрысбековпен болған әңгімелесудің барысында Ржев-Вязьма шайқасының мұражайын құру туралы бастамаға қолдау білдірді. Мәскеу, Сталинград, Курск, Берлин үшін шайқастардан айырмашылығы, «Марс» деген құпия атаумен белгілі болған Ржев-Вязьма әскери операциясын көпшілік біле бермейді, ұзақ жылдар бойы құпия болып келген бұл шайқастың беттері енді-енді ғана ашылып жатыр. Бұл жоба «Нұр Отан» және «Единая Россия» партияларының ұйытқы болуымен жүзеге асырылмақ.

Салтанатты рәсімнен кейін З.Тұрысбеков пен Мемлекеттік Дума депутаты В.Абрамов 100- және 101-ші жеке атқыштар бригадаларының аты берілген №5 Ржев орта мектебінде болып, білім ошағының басшылығымен және педагогтарымен кездесті.

Соңғы жаңалықтар