Мекеме ақпаратына сәйкес, Р.Әлиевтің Белградқа сапары барысында сондай-ақ, осы елдің сыртқы істер министрі Горан Свиланович және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Бранко Луковац мырзалармен кездесулері өтті. Тараптар екі жақты қарым-қатынастарды дамыту турасында өзара пікір алмасты.
Кездесулер барысында Қазақстан үкімет басшысының Белград сапарын ұйымдастыру және екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өткізу мүмкіндіктері сарапқа салынды.