Қазақстан елшісі Ұлыбритания парламентінің Қазақстан бойынша жалпыпартиялық тобының мүшелерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшісі Ұлыбритания парламентінің Қазақстан бойынша жалпыпартиялық тобының мүшелерімен кездесті

Қазақстан елшісі Ұлыбритания парламентінің Қазақстан бойынша жалпыпартиялық тобының мүшелерімен кездесті

Лондондағы Қазақстан елшілігінде 12-шілдеде ҚР-ның Ұлыбританиядағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания парламентінің Қазақстан бойынша жалпыпартиялық тобының мүшелерімен кездесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне елшіліктің баспасөз қызметі.

  • 13 Шiлде 2005
  • 556
Фото - Caravan.kz

Бұл топ екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын дамытуды көздейді. Бұл кездесу жуырда топ құрамының кеңейтілуіне байланысты ұйымдастырылды. Атап айтсақ, депутат-лейборист Джон Манн басқаратын жалпыпартиялық топ төрағасының орынбасары болып консерватор депутат Дэвид Рафли тағайындалса, топ құрамына сонымен бірге лейборист Лорд Ховард та енді.

Кездесуде Қазақстан-Ұлыбритания парламентаралық тобының парламентаралық диалогында қаралатын мәселелердің күн тәртібі талқыланды. Ұлыбританиялық парламентшілер қазақстандық әріптестерін биылғы күзде ресми сапармен Ұлыбританияға келіп қайтуға шақырды. Біріккен Корольдікте мамыр айында жалпы парламент сайлауы өтуге байланысты аталмыш сапар мерзімі мамырдан күзге шегерілген болатын.
Ұлыбританилық заң шығарушылар биылғы жыл соңына дейін Қазақстанға жауап сапармен келмекші. Сапар аясында Лорд Кромвель басқаратын Ұлыбританияның «British East-West Centre» атты қоғамдық ұйымының бастамасымен екі елдің депутаттық корпустары арасындағы ықпалдастықты кеңейтуге бағытталған жаңа жоба-семинар ұйымдастыру көзделіп отыр.
Қазақстан елшісі де парламенттік демалыс пен Ұлыбританияның негізгі партияларының қыркүйектегі конференцияларынан кейін осындай брифинг өткізеді деп межеленген. Онда елші Ұлыбританиялық кең ауқымды парламентшілер тобына Қазақстанның қазіргі дамуы мен болашақ жоспарлары туралы әңгімелеп береді.
Ал осы жолғы кездесуде Е.Ыдырысов Ұлыбританиялықтарға Қазақстанның саяси және экономикалық даму жолындағы жетіктіктері, ел басшылығының демократиялық процесстерді тереңдетуге жасап жатқан қадамдары, Қазақстанның болашақ жоспарлары мен міндеттері жайында сөз қозғап, сұхбаттастарының сұрақтарына жауап берді.
Ұлыбританиялық депутаттар екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен шараларға қолдау білдіріп, келешекте парламентаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуге әзірлік танытты. Е.Ыдырысов ел басшылығы мен қазақстандық парламентшілердің атынан Лондондағы қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты.

Перейти к новостям спорта