Жарияланды: 520

Қазақстан ЕҚЫҰ елдерінің арасында демография бойынша ең ұтымды орында тұр

Қазақстан ЕҚЫҰ елдерінің арасында демография бойынша ең ұтымды орында тұр, деп хабарлайды «Америка дауысы».

Сайттың ақпаратына сәйкес, Вашингтонда тарихшылар, әлеуметтанушылар, демографтар ЕҚЫҰ аймағының демографиялық болашағын талқылаған. «ЕҚЫҰ елдерінің арасында ең ұтымды орынды Түркия мен Қазақстан алып отып, бұл елдерде бір зейнеткерді 6-7 салық төлеуші «асырап отыр». Сарапшылар олардың саны 2030 жылға қарай 3-ке дейін азаяды деген пікірде», - делінген «Америка дауысы» сайтындағы ақпаратта. Профессор Джек Голдстоунның айтуынша, Германия мен Италияда зейнеткерлерге шаққанда жұмыс істеуге қабілетті халықтың саны 2-де 1 ара қатынасында. Бұл ара қатынасты мамандар дағдарыстың алдындағы көрсеткіш деп бағалайды. АҚШ, Ресей, Польша және Румыния елдерінде бұл арақатынас 3-те 1, бұл – сау көрсеткіш, дейді мамандар. Алайда ол да 2050 жылы азаяды. «Бос бесік дағдарысы» дамыған елдерде өмірге жеке көзқарастың басымдығымен түсіндіріліп отыр, оған сәйкес, мегаполистердің динамикалық жағдайларында өмір сүретін жұптар бала өсіруді экономикалық тиімді инвестиция санамайды», - деп мәлім еткен демографиялық динамиканы зерттеу институтының президенті Стивен Мошердің пікірі ақпаратта келтіріліп отыр. ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ірі ұйым. Оған Солтүстік Америка, Еуропа және Орталық Азияның 56 мемлекеті кіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін