Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бейбітшілікті нығайтуға бағытталған барлық бастамасын қолдайды - Г.Әбдіқалықова - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бейбітшілікті нығайтуға бағытталған барлық бастамасын қолдайды - Г.Әбдіқалықова

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бейбітшілікті нығайтуға бағытталған барлық бастамасын қолдайды - Г.Әбдіқалықова

Қазіргі саяси жағдай қауіп-қатерлерге төтеп бере алатындай қауіпсіздіктің архитектурасын нығайтуды талап етеді.

  • 23 Қазан 2015
  • 537
Фото - Caravan.kz

Бұл үшін 1975 жылы  Хельсинки қорытынды актісіне мүше мемлекеттер келіскендей, адамзат тұрақтылықта өмір сүретін ортақ еуропалық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру керек.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өтіп жатқан «Хельсинки қорытынды актісінің (1975) жəне Астанадағы Саммиттің (2010) мерейтойына арналған ЕҚЫҰ жетістіктері мен қатерлері» атты халықаралық конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

«Батыс пен шығыстың арасын байланыстырып отырған  ЕҚЫҰ әлемде дағдарыс пен шиеленістердің алдын алу жөніндегі тарихи миссиясын ойдағыдай орындап отыр. Дегенмен, өздеріңіз білетіндей, бүгінгі саяси шындық қауіпсіздік архитектурасын нығайтуды талап етеді. Бұл үшін 1975 жылы  Хельсинки қорытынды актісіне мүше мемлекеттер келіскендей, адамзат тұрақтылықта өмір сүретін ортақ еуропалық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру керек. Шиеленістермен күрес саласындағы ЕҚЫҰ-ның қолда бар әлеуеті және осы бағытта ЕҚЫҰ негізін қалаған барлық механизмдер өте бірегей әрі нәтижелі. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның халықаралық негізді басшылыққа ала отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, халықаралық қарым-қатынастардағы сенімді күшейтуге бағытталған барлық бастамасын қолдайды»,-деп мәлімдеді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықова еске салып өткендей, 2010 жылы өз төрағалығының қорытындысы ретінде ЕҚЫҰ Саммитін өткізген Қазақстан ең алдымен осы сенім шараларын нығайтуға көңіл бөлген еді. Астана саммитінде көбіне Еуро-Атлантика мен Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті нығайту, Ауғанстандағы мәселелер мен бір орнынан жылжымай келе жатқан шиеленістерді шешу мәселелеріне назар бөлінген еді.


6

Соңғы жаңалықтар