Қазақстан ет экспорттауды қайта жандандырды - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ет экспорттауды қайта жандандырды - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстан ет экспорттауды қайта жандандырды - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Қазақстан кейінгі жылдары алғаш рет ет экспорттауды қайта жандандырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қараша 2008
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Ет экспорты «Қазагро» Ұлттық холдингі» АҚ компанияларының тобына кіретін «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ -мен ағымдағы жылдың 10 шілдесінде жасасқан шарт негізінде 12 қарашада қайта жанданды. Шарт бойынша 3 000 тонна сиыр еті, 500 тонна қой еті Ресей Федерациясына жөнелтілуге тиіс, оның бірінші партиясы шеңберінде өнеркәсіптік сойылған І санаттағы сиыр етінің 17 тоннасы серіктес компания — «РУСТОРГ» ЖШҚ (Ресей Федерациясы)» атына жолданды, — деп хабарлайды АШМ.

«Бұл кейінгі алты жылда жасалған алғашқы ірі көлемдегі шарт және ірі көлемде ет экспорттау оқиғасы. Атап айтсақ, ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің мәліметінше, 2005 жылы Ресейге Қазақстаннан 115,8 тонна сиыр еті, 2006 жылы — 21 тонна ет шығарылса, 2007 жылдан 2008 жылдың қарашасы аралығында Қазақстаннан Ресейге ет экспортталған жоқ», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар