Жарияланды: 810

Қазақстан ет өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша КО техрегламентін жасады

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Кеден одағының «Ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентін жасады, деп хабарлайды жұма күні РФ өнеркәсіп және сауда министрлігінің сайты.

«Кеден одағы елдерінде техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімге сәйкес, Қазақстан «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентінің жобасын әзірлеу үшін жауап береді», - делінген РФ өнеркәсіп және сауда министрлігінің сайтында техрегламентке берілген түсініктемеде. Техникалық регламенттің жобасында Кеден одағына кіретін барлық елдер үшін ортақ ет пен ет өнімдеріне, өндіріс процестеріне, сақтау, сату, тасымалдау, жоюға санитарлық-ветеринарлық талаптар көрініс тапқан. «Бұл техникалық регламентті қабылдау арқылы шешу жоспарланып отырған басты міндеттердің бірі – ет және ет өнімдерін өндіру мен олардың айналымы саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға әкімшілік кедергілерді жою», - делінген түсініктемеде. Бұл техрегламенттің мақсаты ретінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, тұтынушыларды алдайтын әрекеттердің алдын алу, қоршаған ортаны қорғау аталған. Кеден одағының бірінші кезектегі техникалық регламенттерін әзірлеу кестесіне сәйкес, техрегламенттің жобасын талқылау және оған түзетулер енгізу 2011 жылдың 10 тамызына дейін аяқталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін