Қазақстан ет өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша КО техрегламентін жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ет өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша КО техрегламентін жасады

Қазақстан ет өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша КО техрегламентін жасады

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Кеден одағының «Ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентін жасады, деп хабарлайды жұма күні РФ өнеркәсіп және сауда министрлігінің сайты.

  • 8 Шiлде 2011
  • 815
Фото - Caravan.kz

«Кеден одағы елдерінде техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімге сәйкес, Қазақстан «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентінің жобасын әзірлеу үшін жауап береді», — делінген РФ өнеркәсіп және сауда министрлігінің сайтында техрегламентке берілген түсініктемеде.

Техникалық регламенттің жобасында Кеден одағына кіретін барлық елдер үшін ортақ ет пен ет өнімдеріне, өндіріс процестеріне, сақтау, сату, тасымалдау, жоюға санитарлық-ветеринарлық талаптар көрініс тапқан.

«Бұл техникалық регламентті қабылдау арқылы шешу жоспарланып отырған басты міндеттердің бірі – ет және ет өнімдерін өндіру мен олардың айналымы саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға әкімшілік кедергілерді жою», — делінген түсініктемеде.

Бұл техрегламенттің мақсаты ретінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, тұтынушыларды алдайтын әрекеттердің алдын алу, қоршаған ортаны қорғау аталған.

Кеден одағының бірінші кезектегі техникалық регламенттерін әзірлеу кестесіне сәйкес, техрегламенттің жобасын талқылау және оған түзетулер енгізу 2011 жылдың 10 тамызына дейін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар