Қазақстан ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің азаматтарының визасыз жүріп-тұруы туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан   ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің азаматтарының визасыз жүріп-тұруы туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітті

Қазақстан ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің азаматтарының визасыз жүріп-тұруы туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітті

АСТАНА. 27-қараша. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан үкіметтері арасындағы азаматтардың визасыз жүріп-тұруы туралы 2000-жылдың 30-қарашасындағы келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Қараша 2006
  • 381
Фото - Caravan.kz

Хаттама шарттарына сәйкес, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер арасында визасыз қатынау тәртібі сақталған жағдайда қоғамдастық елдерінің аумағында азаматтардың қатынауына қажетті құжаттардың біртұтас тізімі енгізілді.

Мәселен, азаматтықты растайтын және жеке басты куәландыратын құжаттарға төлқұжат, шетелдік төлқұжат, қызмет бабындағы және дипломатиялық төлқұжаттар, теңізші төлқұжаты (теңізшінің ұлттық жеке куәлігі) мен азаматтығы бар елге қайтуға берілетін куәлік (құжат шетелде жоғалып кеткен жағдайда беріледі) жатады.

Хаттама Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан үкіметтері арасындағы 2001-жылдың 6-желтоқсанындағы азаматтардың визасыз жүріп-тұруы туралы келісімнің ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Келісімге қосымша хаттамаға 2005-жылдың 24-наурызында Астанада ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта