Қазақстан ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорына $900 млн жарнасын төлейді
Қазақстан ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорына $900 млн жарнасын төлейді, деп ҚР қаржы вице-министрі Руслан Даленов мәлім етті. |
«Қаржы министрлігі ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорына жарнасын төлеу үшін $900 млн вексель шығарады. Үкімет қаулысын дайындап жатырмыз. Инкассация – кесте бойынша», - делінген Р. Даленовтың Twitter-дегі жеке парақшасындағы сәрсенбі күнгі хабарда.
Қор сайтында көрсетілгендей, қазірге оның көлемі $8,513 млрд. Маусым айында қор $800 млн мөлшеріндегі алғашқы траншты Беларусь Республикасына $3 млрд көлеміндегі қаржылық несие есебінен берді.
Қорды құрудағы негізгі мақсат - әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың ЕуАзЭҚ мүше мемлекеттердің ұлттық экономикаларына тигізіп отырған теріс ықпалын еңсеру болатын.
Қор бюджетті қолдауға және мемлекетаралық жобаларға т.б. қаражат бөледі. Сондай-ақ, қор тұрақтандыру несиелері мен тәуекелі төмен болса кірістілігі төмен тәуелсіз қарыздарды ұзақ мерзімге береді.
Дағдарысқа қарсы қорды құру туралы келісімге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияның қатысуымен 2009-шы жылы маусымда қол қойылды. Қор көлемінің мөлшері $10 млрд деп анықталған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін