Қазақстан ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорына $900 млн жарнасын төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорына $900 млн жарнасын төлейді

Қазақстан ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорына $900 млн жарнасын төлейді

Қазақстан ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорына $900 млн жарнасын төлейді, деп ҚР қаржы вице-министрі Руслан Даленов мәлім етті.

  • 13 Шiлде 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Қаржы министрлігі ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорына жарнасын төлеу үшін $900 млн вексель шығарады. Үкімет қаулысын дайындап жатырмыз. Инкассация – кесте бойынша», — делінген Р. Даленовтың Twitter-дегі жеке парақшасындағы сәрсенбі күнгі хабарда.

Қор сайтында көрсетілгендей, қазірге оның көлемі $8,513 млрд. Маусым айында қор $800 млн мөлшеріндегі алғашқы траншты Беларусь Республикасына $3 млрд көлеміндегі қаржылық несие есебінен берді.

Қорды құрудағы негізгі мақсат — әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың ЕуАзЭҚ мүше мемлекеттердің ұлттық экономикаларына тигізіп отырған теріс ықпалын еңсеру болатын.

Қор бюджетті қолдауға және мемлекетаралық жобаларға т.б. қаражат бөледі. Сондай-ақ, қор тұрақтандыру несиелері мен тәуекелі төмен болса кірістілігі төмен тәуелсіз қарыздарды ұзақ мерзімге береді.

Дағдарысқа қарсы қорды құру туралы келісімге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияның қатысуымен 2009-шы жылы маусымда қол қойылды. Қор көлемінің мөлшері $10 млрд деп анықталған.

Соңғы жаңалықтар