Бұл келісім-шарты ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының іс-қызметін реттейді. Ал ассамблеяның өзі ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негіздерін жобалаумен шұғылданады. Құжат заңнамалық негіздерді жобалауда органдардың өзара ықпалдастық тәртібін айқындап, ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер үшін тиісті құқықтық қарым-қатынас салаларындағы құқықтық реттеуге біртұтас негіз қалайды.
Келісімге ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің мемлекет басшылары 2004-жылдың 18-маусымында Астанада қол қойған. ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.