Қазақстан Еуроодақ елдерімен ынтымақтастық туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан  Еуроодақ елдерімен ынтымақтастық туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітті

Қазақстан Еуроодақ елдерімен ынтымақтастық туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Чехия, Эстония, Кипр , Латвия, Литва, Венгрия, Мальта Республикасының, Польша, Словения және Словак Республикасының Еуропалық Одаққа кіруін назарға ала отырып, бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік орнататын әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге хаттаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Маусым 2005
  • 535
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы және Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге 1995-жылдың 23-қаңтарында Брюссельде, ал хаттамаға 2004-жылдың 30-сәуірінде қол қойылған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, хаттама 2004-жылдың 1-мамырынан бастап Еуроодаққа мүшелікке өткен елдерде келісімді күшіне енгізуге мүмкіндік береді. Хаттама Қазақстан мен Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасында саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және тереңдете түсуді қамтамасыз ету үшін құқықтық — келісім базасын бейімдеуге мүмкіндік береді.

Перейти к новостям спорта