Қазақстан Еуроодақпен ерекше серіктестікке мұқтаж - «Eurasian Transition Group» президенті М.Лабуш - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Еуроодақпен ерекше серіктестікке мұқтаж - «Eurasian Transition Group» президенті М.Лабуш

Қазақстан Еуроодақпен ерекше серіктестікке мұқтаж - «Eurasian Transition Group» президенті М.Лабуш

Орталық Азияның басты қозғаушы күші бола тұрып Қазақстан Еуроодақпен ерекше серіктестікке мұқтаж.

  • 31 Қазан 2012
  • 334
Фото - Caravan.kz

Мұндай пікірін Брюссельде «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы мен ЕО-ның Орталық Азия бойынша Стратегиясын іске асыру нәтижелеріне арналған Берлин Еуразиялық клубының үшінші отырысы барысында «Eurasian Transition Group» президенті Михаэль Лаубш айтып өтті.

Оның пайымдауынша, Еуроодақтың Орталық Азия бойынша қазіргі Стратегиясы ЕО-ның барлық 27 қатысушы мемлекетінің бес орталықазиялық республикаға қатысты жалпы позициясын көрсетуде. Алайда аталған құжат жеткілікті түрде көлемді емес, әсіресе ол көршілерінен даму бойынша алға озып отырған Қазақстанға қатысты.

М.Лаубш Қазақстанның үлкен әлеуеті тураы айтып отырған кейбір сандарды атады. Біздің республикамыз Түркия және Мексика сияқты елдермен бір деңгейде тұр. Еуропадағы ұшақтарды жасау кезінде пайдаланылатын титанның 50 пайызы — қазақстандық. Германия немесе Австрияда пайдаланылатын бензиннің әрбір үшінші литрі де Қазақстаннан шыққан.

«ЕО осындай елмен Өзбекстан немесе Түркіменстанға қарағанда өзгеше байланыста болуы тиіс. Орталық Азияның басты қозғалтқышы болған Қазақстан Еуроодақпен ерекше серіктестікке мұқтаж», — деді М.Лаубш.

Соңғы жаңалықтар