Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының беделін көтеруге ықпалын тигізуі мүмкін - ұйымның бас комиссары - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының беделін көтеруге ықпалын тигізуі мүмкін - ұйымның бас комиссары

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының беделін көтеруге ықпалын тигізуі мүмкін - ұйымның бас комиссары

"Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының халықаралық деңгейдегі беделін көтеруге ықпалын тигізуі мүмкін". Бүгін, 1-наурызда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының азшыл ұлттар жөніндегі жоғарғы комиссары Рольф Экеус ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 1 Наурыз 2005
  • 493
Фото - Caravan.kz

Р.Экеустің журналистерге хабарлауынша, ҚР СІМ-мен кездесуде ұлтаралық қарым-қатынасқа қатысты бірқатар мәселелер сарапқа салынған. «Жүздесуде Қазақстанға және Орталық Азия аймағы елдеріне қатысты мәселелер талқыланды. Мен Орталық Азия аймағы елдеріне қатысты жұмыс жоспарыммен бөлістім. Өз кезегінде Қазақстан сыртқы істер министрі республиканың ұлтаралық қарым-қатынас саласы бойынша жүргізіп отырған саясатынан хабардар етті»,- деді Р.Экеус.

Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасау туралы талпынысына тоқталған жоғарғы комиссар «мұндай мүмкіндік , әрине, бар. Бірақ ол оңайға түспейді»,- деді . «Қазақстан өзіне мұндай рольді жүктеп алса, біз оған сөзсіз қуанатын боламыз және жан-жақты қолдаймыз»,- деді Р.Экеус.

Перейти к новостям спорта