Қазақстан "Еуропаға апарар жол" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Латвиямен арадағы ынтымақтастықты қарқындандыра түспек ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан "Еуропаға апарар жол" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Латвиямен арадағы ынтымақтастықты қарқындандыра түспек ниетте

Қазақстан "Еуропаға апарар жол" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Латвиямен арадағы ынтымақтастықты қарқындандыра түспек ниетте

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан "Еуропаға апарар жол" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Латвиямен арадағы ынтымақтастықты қарқындандыра түспек ниетте. Бұл туралы Латвия Республикасының мемлекет басшысы Валдис Затлерспен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қазан 2008
  • 365
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Латвияны Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі деп санайды және Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясын жүзеге асыруда Латвия белсенді роль атқарады деп сенеді»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президентінің айтуынша, келіссөздер нәтижесі екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды кеңейту мен тереңдетуге деген талпынысын көрсетіп берді. «Біз екеуіміз (екі ел президенттері) осы жоспарлардың барлығын да жүзеге асыра аламыз деп сенеміз»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар