"Қазақстан Латвияны Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі деп санайды және Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясын жүзеге асыруда Латвия белсенді роль атқарады деп сенеді",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президентінің айтуынша, келіссөздер нәтижесі екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды кеңейту мен тереңдетуге деген талпынысын көрсетіп берді. "Біз екеуіміз (екі ел президенттері) осы жоспарлардың барлығын да жүзеге асыра аламыз деп сенеміз",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.