Финляндия жағынан ФР Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысының орынбасары Пекка Хухтаниеми тең төраға болып табылады.
Комиссия шеңберінде Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешек даму, сондай-ақ, кіші және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саладағы өзара іс-қимылдардың ұтымды жақтары жөніндегі мәселелер талқыланды.
«Қазақстан Республикасы Финляндиямен технологиялар, инновациялар мен экологиялық технологиялар секілді салаларда ынтымақтастықты нығайтудан мүдделі. Белсенді саяси даилог пен сауда-экономикалық қатынастардың тереңдей түсуі біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыз бен серіктестігімізді одан әрі дамытуға мүдделілік пен үлкен әлеуетті паш етеді», — деді Нұрлан Ысқақов.
Екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымының өсуінің оң динамикасы байқалады. Ағымдағы жылдың 8 айында өзара сауда-саттық көлемі 812,5 млн долларды құрап, өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 94,2% өскен.
«Қазақстаннан Финляндияға шығарылған экспорт көлемі 2008 жылдың 8 айында $433,8 млн құрады, бұл 2007 жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 78,7% артық», -деді комиссияның тең төрағасы.
Ал ағымдағы жылдың 8 айында Финляндиядан Қазақстанға импортталған өнімдердің көлемі $378,8 млн болған, бұл былтырғы көрсеткіштен 2,1 есе артық.
«Қазақстанның жалпы тауар айналымында Финляндияның үлес салмағы 1,1%, соның ішінде экспорт көлемінде — 0,9%, импорт көлемінде — 1,5%», — деді Н.Ысқақов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті