Біздің футболшылар мінген ұшақ бірер сәттен кейін әуеге көтеріледі. Александр Бородюк шәкірттері 2018 жылғы әлем біріншілігінің кезекті іріктеу матчтын Арменияға қарсы өткізеді. Ойын 26 наурызға белгіленген. Бұрынғы бас бапкер Талғат Байсуфиновты алмастырған Александр Бородюктің алғашқы қадамы сәтті болмады. Еуропадағы аутсайдерлердің біріне баланатын Кипрден тас-талқан ұтылды. Есеп 1:3.