Ойын барысында Қазақстан құрамасының капитаны Андрей Карпович есеп ашты. Кейін бұл есепті құрамаға екі жыл салып қайта оралған Нұрбол Жұмасқалиев еселеді. Ал кездесудің 62-ші минутында Н. Жұмасқалиевтің әуелете тепкен добын тоқтатпақ болған Оман құрамасының қорғаушылары теңбіл допты өз қақпаларына енгізіп алды.
Дегенмен алаң иелері ойындағы есепті ұстап тұра алмады. Араға 3 минут салып, Аравия түбегінен келген аяқдопшы Аль-Хосни қақпаны дәл көздеді.
Екі команда ойыншыларының есепті еселеуге мүмкіндіктері болды. Бірақ пайдалана алмады.
Бұл Қазақстан құрамасының биылғы жылғы алғашқы жеңісі. Еуропа чемпионатына іріктеу туры барысында біздің футболшылардың жолы Германия, Түркия және Австрия аяқдопшыларымен түйіседі.