Қазақстан генетикалық түрлендірілген жүгеріні ел аумағына кіргізуге тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан генетикалық түрлендірілген жүгеріні ел аумағына кіргізуге тыйым салды

Қазақстан генетикалық түрлендірілген жүгеріні ел аумағына кіргізуге тыйым салды

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшысы Жандарбек Бекшин генетикалық тұрғыдан түрлендірілген жүгеріні ел аумағына кіргізуге және сатуға тыйым салу туралы қаулыға қол қойды,

  • 25 Қазан 2012
  • 704
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Қаулыға қазанның 19-ында қол қойылған.
Баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, қаулының шығуына «ғылыми басылымдардың бірінде генетикалық тұрғыдан түрлендірілген NK603 жүгерісінің атжалмандар денсаулығына кері әсер еткені туралы ғылыми зерттеу нәтижесінің жариялануы» түрткі болыпты.
Қаулыға сәйкес, комитеттің аумақтық бөлімшелеріне ГМО өнімдер айналысын бақылауды күшейту тапсырылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан бері ГМО өнімдерін анықтау мақсатында 27 елден әкелінген азық-түліктің 1939 түрі тексерілген. Зертханалық зерттеуге алынған өнімнің 41,2%-ы отандық өнім.
Тексеру барысында ресейлік «Bonduellе» жүгерісі мен венгриялық «Коррадо» жүгерісіндегі ГМО үлесі жоғары екендігі белгілі болды.
«Глобус» (Ресей), «Экос» (Қытай) жүгерілері, «Фа-Фа» (Иран) кекстері мен «Звезда общепита» (Ресей) піскен шұжығында да гендік жағынан түрлендірілген өнім бары анықталды. Бірақ, ол нормадан, яғни 0,9%-дан артық емес.

Соңғы жаңалықтар